А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ білім алушылары «Оқитын ұлт» марафонына қатысуға шақырылады

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының білім алушылары «Оқитын университет» бағыты бойынша «Оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына қатыса алады.

Марафон аясында қатысушылар арнайы іріктелген тізімдегі 15 шығарманы оқып, қорытынды тестілеуден өтіп, зияткерлік квиздерге қатысуы қажет. Жоба жастардың оқу мәдениетін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Марафон жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталады:

• 1-орын — 600 000 теңге;
• 2-орын — 450 000 теңге;
• 3-орын — 300 000 теңге.

Тіркелу кезінде «Оқитын университет» бағытын таңдау қажет.
Жобаға тіркелу ресми сайтта қолжетімді: reading-nation.kz.

ЕАГИ студенттерін институтымыздың атынан лайықты өнер көрсетуге және республикалық оқырмандар қауымдастығының бір бөлігі болуға шақырамыз!

Прокрутить вверх