А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты дәстүрлі «Құсайынов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.
2026 жылғы 20 қарашада сағат 10:00-де «Құсайынов оқулары: ғылым, инновация және жасанды интеллект» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция ғалымдарды, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, жас зерттеушілерді, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді заманауи ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми тәжірибе алмасуға және жаңа зерттеу идеяларын ұсынуға біріктіреді.
Баршаңызды конференция жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз!
Конференцияға қатысу шарттары, ғылыми бағыттары, мақалаларды рәсімдеу талаптары және басқа да толық ақпарат ақпараттық хатта берілген.
Ақпараттық хат:
https://docs.google.com/document/d/1QzyJiMzyElUGd_tgfPWupTKWG-3thxFJ/edit?usp=drivesdk&ouid=106825909890214395883&rtpof=true&sd=true


