2026 жылғы 17 қыркүйекте ЮҚ-26-01 және ЮТҚ-26-01 оқу топтарында «Конституция – ел болашағының тірегі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты – бірінші курс студенттерін Қазақстан Республикасының Ата заңымен таныстыру, оны қабылдау ерекшеліктері мен ел болашағы үшін маңызын ашып көрсету.
Топтардың кураторы, з.ғ.к., заң пәндері кафедрасының доценті Ж.Н. Альмухамбетов 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызды ережелеріне тоқталу барысында негізқалаушы қағидаттар мен нормалардың ел болашағын айқындайтын бағыт-бағдар екенін түсіндірді.
