2026 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Мәшһүртанушы, ақын, филолог және профессор Баянғали Ғалымжанұлымен кездесу кеші өтті. Мәдени шараға А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы ҚТ-24-01, ҚТТ-24-01, ҚТ-23-01 топтарының студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, сүбелі сұхбат құру, зерделі ұлт қалыптастыру.
Кеш барысында студенттер мәшһүртану саласына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып отырды. Институт оқытушылары Л.Н. Дәуренбекова мен Е.Б. Сұлтан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері А.С. Оспанова мен Ж.А. Усенова институт кітапханасы қорындағы Мәшһүр Жүсіптің үш томдық шығармалар жинағын, Е. Жүсіпованың «Мәшһүртану белестері» және Е. Жүсіповтың «Мәшһүр-Жүсіп және Шығыс руханияты» еңбектерін таныстырып, студенттерге оқуды ұсынды.
Тағылымды кездесу жастардың ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға және рухани құндылықтарды терең тануға бағытталған маңызды басқосуға айналды.


