А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ИНСТИТУТТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДАРМАШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

2026 жылғы 30 қыркүйекте Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы Халықаралық аудармашылар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Мерекелік бағдарлама аясында студенттер “Translate the Scene”, “Spelling Bee”, “Idiom Battle” және “Jeopardy” атты қызықты командалық сайыстарға қатысты. Қатысушылар шет тілдерін меңгеру деңгейін, аударма жасау дағдыларын, тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін және командада жұмыс істей білу шеберлігін көрсетті.

Іс-шараның ерекше бөлімдерінің бірі ИЯ-26-03 тобы студенттері дайындаған “The Tower of Babel” қойылымы болды. Сонымен қатар AI-26-01 және AI-26-02 топтарының студенттері шығармашылық өнерлерін көрсетіп, мерекелік бағдарламаның мазмұнын толықтыра түсті.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, студенттерді шет тілдері мен аударма ісіне деген ортақ қызығушылық төңірегінде біріктірді. Қатысушылар өз білімдерін, таланттары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында белсенділік танытқан қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шараны ұйымдастырушыларға, оқытушылар мен студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! Болашақ аудармашыларға кәсіби табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

Прокрутить вверх