Халықаралық аудармашылар күні қарсаңында Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының доценті Г. У. Абдрахманова және кафедраның «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша практикаға жауапты доценті Н. Л. Сулятецкая институттың жұмыс беруші серіктестері болып табылатын ұйымдарға барды.
Еуразия гуманитарлық институты басшылығының және кафедра атынан оқытушылар ұжымдарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ректор Н. Т. Ныгыманованың құттықтау хаттарын табыстады. Кездесу барысында оқытушылар серіктестерге көпжылдық жемісті ынтымақтастықтары, студенттердің практикадан өту кезеңіндегі қолдауы және болашақ аудармашылардың кәсіби даярлығына қосып отырған үлестері үшін алғыс білдірді.
Құттықтауларды қабылдаған ұйымдар:
Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжі — директоры Аширбекова Алма Даировна;
Gala Global Group аударма бюросы — жетекшісі Алиева-Тюфек Кулшан Эйвазкызы;
«Армада» тілдік аударма орталығы — директоры Бочаров Евгений Александрович;
«Қазақстан аударма орталығы» ЖШС — жетекшісі Аширалиев Бахтияр Маратович;
«Болашақ» аударма-лингвистикалық орталығы — директоры Баймуканова Алма Адильбековна;
Manhattan тіл мектебі — директоры Дмитриенко Валерия Николаевна.
Сапарлар барысында оқытушылар компаниялар мен мекемелердегі жұмыс үдерісінің ұйымдастырылуымен танысып, сондай-ақ «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының түлектерімен кездесті. Түлектердің кейбірі өндірістік практикадан сәтті өткеннен кейін кафедраның серіктес ұйымдарында кәсіби қызметін жалғастырып жүргені ерекше қуантады.
Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы серіктестеріне көпжылдық ынтымақтастықтары, студенттерге көрсеткен қолдауы және болашақ аудармашылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.






