А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Институтте E-UNI білім беру платформасын пайдалану бойынша оқыту вебинары өтті

2026 жылғы 7 қазанда EDP Hub компаниясы институттың ғылыми кітапханасымен бірлесіп, «E-UNI білім беру платформасы» тақырыбында оқыту вебинарын ұйымдастырды. Вебинарға институттың профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылары қатысып, өзекті лицензиялық контентпен және жұмысқа арналған құралдармен танысты.

Вебинар барысында қатысушылар электрондық кітапханаға (ЭК) тіркелу, электрондық оқулықтар мен сервистерді пайдалану, сондай-ақ оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған заманауи құралдардың мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар оқу және практикалық бағыттағы әдебиеттердің жаңалықтарымен, ғылыми жарияланымдармен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен және жарияланымдық қызметті оңтайландыру жолдарымен танысты. Вебинарға қатысушылардың барлығына цифрлық ресурспен жұмыс істеу құзыреттерін растайтын жеке сертификаттар берілді.

Білім беру платформасының өкілі, цифрлық кітапхана, онлайн-курстар және оқытуға арналған digital-сервис менеджері Райля Равильевна Тихонкова электрондық ресурстың белсенді пайдаланушыларына мазмұнды әрі нақтылаушы сұрақтары үшін алғыс білдірді. Ол профессор-оқытушылар құрамымен (ПОҚ) кері байланыстың маңыздылығын атап өтіп, жарияланымдық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша ынтымақтастыққа шақырды. Сондай-ақ «Оқитын ұлт» бағдарламасы аясында жүйелі түрде кітап оқудың маңыздылығына тоқталды.

Институт IPR MEDIA компаниялар тобының ресми дистрибьюторымен ресурстарды ұзақ мерзімді пайдалану туралы меморандум жасасты. Аталған топтың ресурстарына Prof — образование, IPRsmart электрондық кітапханалар жүйесі және DATAlib цифрлық кітапханасы кіреді.

Прокрутить вверх