Институттың профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарының ғылыми белсенділігін арттыру және зерттеу әлеуетін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар, оның ішінде дарынды жас ғалымдар үшін конкурстарға қатысу мәселелеріне арналған әдістемелік семинар өтті.
Семинар спикері болып институттың жобалар, коммерцияландыру және инновациялар бөлімінің басшысы Жартай Жанибек Маратұлы сөз сөйледі.
Семинар барысында конкурстық іріктеудің негізгі ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық аспектілері егжей-тегжейлі қарастырылды: конкурстарға қатысудың нормативтік талаптары мен шарттары; үміткерлерді іріктеу критерийлері мен талаптары; конкурстық құжаттаманы дайындау және қалыптастыру алгоритмі; ғылыми жетістіктерді, жарияланымдарды және растайтын материалдарды ресімдеу ерекшеліктері; өтінімдерді беру, оларды сүйемелдеу және уәкілетті құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі; құжаттарды дайындаудағы типтік қателіктер және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар.
Мұндай семинарларды өткізу профессор-оқытушылар құрамын ғылыми сүйемелдеуге жүйелі тәсілді қалыптастыруға, академиялық қолдау тетіктерін жетілдіруге және институт ғалымдарының республикалық конкурстарға қатысуының нәтижелілігін арттыруға бағытталған.


