А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Теориядан тәжірибеге

2026 жылғы 21 қазанда «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері банк ісінің практикалық аспектілерімен танысты. «Отбасы банк» АҚ-да жұмыс істейтін кафедра филиалының базасында «Банк ісі» пәні бойынша депозиттік және кредиттік операциялардың ерекшеліктеріне арналған сабақ өткізілді.

Сабақ барысында банк қызметкері студенттерге практикалық кейстерді ұсынып, банк операцияларының ерекшеліктерін талдауға және алған білімдерін кәсіби міндеттерді шешуде қолдануға мүмкіндік берді.

Сабақтың практикалық бағыттылығы студенттерге теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, банк мамандарының жұмыс ерекшеліктерін тереңірек түсінуге, аналитикалық дағдыларын дамытуға және қаржы саласындағы болашақ кәсіби қызметіне қажетті құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Прокрутить вверх