2026 жылғы 21–22 қазанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры С.А. Мейрамова Шанхай қаласында (ҚХР) Шығыс Қытай педагогикалық университетінің базасында өткен Өмір бойы білім беру жөніндегі XIV Шанхай форумына қатысты.
Іс-шараны ұйымдастыруға Қытай, Қазақстан, Корея Республикасы және Таиландтың 15 серіктес университеті қатысты. Форум Қазақстан, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Венгрия, Корея Республикасы және Таиландтан келген 61 спикердің басын қосты. А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты халықаралық форумның бірлескен ұйымдастырушыларының бірі болды.
Форум аясында С.А. Мейрамова «From Classroom to Lifelong Learner: Gamified and AI-Supported Speaking Practice for Reducing EFL Speaking Anxiety in Kazakhstani and Chinese Universities» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында профессор ағылшын тілінде сөйлеуді үйретуде геймификация мен жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.
Форумның екінші күні қатысушылар Шанхай қаласының Сунцзян ауданындағы Сяокуньшань кентінің қоғамдық мектебіне (Community School of Xiaokunshan Town) барды. Бағдарлама қоғамдық сабақты бақылауды, күріш алқаптарына танымдық экскурсияны және күріш өсіру мәдениетіне арналған курсқа қатысуды қамтыды.
С.А. Мейрамова Шанхай визуалды өнер институтында (Shanghai Institute of Visual Arts) өткен Сунцзян аудандық қосалқы форумына (Songjiang Sub-Forum) да қатысты. Қатысушылар өмір бойы білім берудің заманауи үлгілері мен халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
23 қазанда С.А. Мейрамова Фудань университетіне (Fudan University) барып, Шетел тілдері мен әдебиеті институтының директоры, деканы және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми қызметтің негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылап, әріптестікті дамыту жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта университеттер арасында ынтымақтастық туралы келісімді дайындау және оған қол қою жұмыстары жүргізілуде.
ЕАГИ-дің форумды ұйымдастыруға қатысуы, институт тәжірибесінің халықаралық деңгейде таныстырылуы және шетелдік серіктестермен жүргізілген келіссөздер халықаралық байланыстарды нығайтуға, академиялық және кәсіби алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ ЕАГИ-дің халықаралық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтуға ықпал етеді.



