А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ өкілі XIV Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына қатысты

2026 жылғы 22–23 қазанда Назарбаев Университетінің кітапханасында XIV Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы (EALC-2026) өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы университеттік кітапханалары қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды. Конференцияға Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден келген кітапхана саласының мамандары қатысты.

Конференция аясында «Кітапхана — диалог орталығы: коммуникация арқылы қауымдастықтарды біріктіру» тақырыбында баяндамалар жасалып, пікірталастар өтті. Қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Бақытжан Оразалиев, Қазақстан Республикасы университеттік кітапханалары қауымдастығының президенті Анара Сандыгулова, Назарбаев Университетінің Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебінің өкілі, Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің өкілі Турдыходжаева Махдие, сондай-ақ Кенияның өкілі Йеспер Сульхейм Йохансен болды.

Конференцияға қатысушылар академиялық кітапханаларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, кітапхана үдерістерінің тиімділігін арттыру, жасанды интеллектіні қолдану, ақпаратты ұйымдастыру және басқару, кәсіби ынтымақтастықты кеңейту, озық тәжірибелерді енгізу және стратегиялық жоспарлау мәселелеріне назар аударылды. Кітапханалардың күнделікті қызметінде жаңа шешімдерді практикалық тұрғыдан қолдануға ерекше мән берілді.

Талқылаудың негізгі бағыттары қатарында ортақ кітапханалық экожүйелерді қалыптастыру, кітапхана қызметіне зияткерлік технологияларды енгізу, зерттеу үдерісінің барлық кезеңдерінде жасанды интеллект саласындағы сауаттылықты дамыту, академиялық адалдықты бұзу жағдайлары мен плагиаттың алдын алу, сондай-ақ күнделікті жұмыс үдерістерін автоматтандыру мәселелері болды.

Конференцияға Ә. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының атынан ғылыми кітапхананың меңгерушісі Г. Х. Әбдігазиева қатысты. Ол заманауи технологиялар мен зияткерлік кітапхана жүйелерін дамытуға арналған практикалық сабақтарға қатысып, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен танысты және оларды кәсіби қызметте қолдану бойынша ұсынымдар алды.

Конференцияға қатысу академиялық кітапханаларды дамытудың өзекті үрдістерімен танысуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және кітапхана қызметін цифрлық трансформациялаудың заманауи тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік берді.

Прокрутить вверх