2026 жылғы 10 қарашада экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті А. Г. Кожахметова «Қаржы» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларының студенттері арасында «Қаржы сарапшысы: цифрлық теңге, кредиттеу және қаржылық технологиялар» тақырыбында дебат өткізді.
Дебат Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күніне орай ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін, командалық жұмыс дағдыларын және аудитория алдында өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу қабілетін дамыту.
Пікірталас барысында қатысушылар қаржы саласын дамытудың өзекті мәселелерін қарастырып, өзара пікір алмасты және талдау мен дәлелдеу дағдыларын көрсетті.
Дебат студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ олардың аналитикалық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етті.


