А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ студенттері қаржы пәні бойынша жоғары оқу орындары арасындағы олимпиадада II орын иеленді

2026 жылғы 11 қарашада «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері доцент Кожахметова А. Г. жетекшілігімен К. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті ұйымдастырған жоғары оқу орындары арасындағы пәндік олимпиадаға қатысты.

Олимпиадаға түрлі жоғары оқу орындарынан бес команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Профицит» командасы кәсіби білімінің жоғары деңгейін, аналитикалық қабілеттерін, командада жұмыс істеу және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды!

Студенттерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Оқуда табыс, жаңа кәсіби жетістіктер, өз күштеріне деген сенімділік және алдағы уақытта биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Прокрутить вверх