2026 жылғы 12 қарашада Қ.Р. ұлттық валюта күніне арналған іс-шаралар аясында Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті Кожахметова А.Г «Менің алғашқы миллионым» атты интеллектуалды конкурсын өткізді.
Іс-шараға «Қаржы» және «Шетел тілі:екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.
Конкурс барысында студенттер қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік және бизнес саласындағы білімдерін ортаға салып, өздерінің тың бизнес идеяларымен бөлісті. Сонымен қатар, қаржылық шешім қабылдау, қаражатты тиімді басқару және табысты кәсіп бастау бойынша өзара пікір алмасты.


