Лауазымы
- А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Педагогика және тарих кафедрасының аға оқытушысы (2022–2026).
Академиялық дәрежесі
- 6М012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша магистр.
Оқытатын пәндері
- Дағдарыс жағдайларындағы психологиялық көмек; бастауыш сынып оқушысының тұлғасын психологиялық-педагогикалық түзету; мультимедиялық оқыту технологиялары; коррекциялық педагогика; білім берудегі арт-терапия; критериалды оқыту технологиясы; медиа технология негіздері; мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті; оқыту әдістері мен технологиялары; әлеуметтік педагогика; салыстырмалы педагогика; бағалау және дамыту.
Білімі
- 2016–2018 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 6М012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», магистратура.
- 2011–2015 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», біліктілігі – әлеуметтік педагог.
Еңбек өтілі
- 2022–2026 – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Педагогика және тарих кафедрасының аға оқытушысы.
- 2018–2022 – Астана қ. «Асыл бөбек» коррекциялық орталығы, әлеуметтік педагог.
- 2015–2018 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының әдістемелік жұмыс жөніндегі маманы.
- 2020–2022 – Астана қаласының №1 оңалту орталығы, коррекциялық әдіскер.
Біліктілікті арттыру (соңғы 5 жыл)
- 2026 – «The Sustainable Development Goals – A Global, Transdisciplinary Vision for the Future», Coursera.
- 2026 – «ChatGPT арқылы жаңашыл оқыту», Coursera.
- 2026 – «Ұйымды басқару», Coursera.
- 2025 – «ЖОО-дағы инклюзивті білім беру», «ЕАГИ-БІЛІМ», 72 сағат.
- 2025 – «ЖОО оқытушысының пәндік құзыреттілігін дамыту (мектепке дейінгі және бастауыш мектеп педагогикасы, психология және әлеуметтік педагогика)», «ЕАГИ-БІЛІМ», 72 сағат.
- 2025 – «Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау әдістері: білімді бағалаудан оқу нәтижелерін бағалауға дейін», «ЕАГИ-БІЛІМ», 72 сағат.
- 2025 – «Психологиялық пәндерді оқытудағы заманауи тенденциялар», 72 сағат.
- 2025 – «Білім берудегі жасанды интеллект: нақты мүмкіндіктер мен әлеует», 80 сағат.
- 2024 – «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» KZEMP/DS-02 жобасы, 160 академиялық сағат.
- 2022 – «Педагогиканың өзекті мәселелері», РУДН, Мәскеу, 18 академиялық сағат.
- 2022 – «МД ұйымды басқарудың тиімді менеджменті», 382 академиялық сағат.
- 2021 – «Рейтинг – білім беру ұйымдарының табыстылық көрсеткіші», 72 сағат.
- 2021 – «Мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңістіктік дамытушы ортасын оның сапасын бағалау негізінде жобалау», «Өрлеу», 72 сағат.
Ғылыми жарияланымдар (соңғы 5 жыл, ең маңыздысы)
- 2025 – «Мектепке дейінгі білім берудегі жасанды интеллектіні пайдалану мүмкіндіктері» // Құсайынов оқулары, №5, 114–118 б.
- 2024 – «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық дамуына мультимедиялық технологиялардың әсері» // Құсайынов оқулары, №4, 106–109 б.
- 2023 – «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы» // Құсайынов оқулары, №3, 175–179 б.
- 2021 – «Интеграция детей с особыми образовательными потребностями в образовательную среду» // «Тілашар. Логопед», №2, 103–106 б.
- 2021 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудағы заманауи үдерістер» // XIV қалалық практикалық онлайн-конференция материалдары, №1, 170–174 б.