Іс-шараның құрметті қонағы – профессор, тарих ғылымдарының докторы Жарас Ақышұлы Ермекбаев болды. Ғалым өз зерттеулерінің нәтижесі болып табылатын «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» атты еңбегімен бөлісіп, оның мазмұндық тереңдігі мен ғылыми маңыздылығына кеңінен тоқталды. Аталған еңбек тағылымдық мәні мен жоғары ғылыми деңгейімен ерекшеленетін құнды зерттеу ретінде қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Кездесу барысында студенттер тарапынан мазмұнды сұрақтар қойылып, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде жастардың тарихи тұлғаға деген қызығушылығы мен ғылыми ойлау мәдениетін арттыруға ықпал етті.
Іс-шара аясында студенттер Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған бейнеролик пен презентация ұсынып, ұлттық күй орындау арқылы рухани мазмұнын толықтыра түсті.
Сонымен қатар, шығармашылықпен айналысатын оқытушылар мен студенттер ұлы ғалымға арнаған өлең-жырларын оқып, өз туындыларын көпшілікке ұсынды. Аталған бөлімде Ескалиев С.А., Макипов А.С., Аманбаев А.Ж., Джанпеисова М.М., Аубакирова К.Ш., Еслямова А.З., Муликова А.С., Жантурина А. белсенділік танытты.
Іс-шараны Педагогика және тарих кафедрасының аға оқытушылары Шокатова А.К. және Арыстанова Г. ұйымдастырды.



