Ғылым және инновация департаменті мен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен институт кітапханасында “Адал азамат” құндылықтарын білім беру үдерісіне кіріктіру жолдары” тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтілеуқызы «Ыбырай Алтынсарин тағылымы және «Адал Азамат» біртұтас тәрбие концепциясы
тақырыбында баяндама жасады. Ш. Мұртаза атындағы Тараз Халықаралық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тамабаева Қарагөз Өмірзаққызы Ш. Мұртаза прозасындағы адал азамат идеясы жөнінде ой қозғады.
Сонымен қатар, шараға қатысқан институт ғалымдары мен жоғары курс студенттері “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын талқылады.
