А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Мероприятия в рамках празднования Национального дня книги

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Ұлттық кітап күні және Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауқымды мәдени-ағартушылық іс-шаралар өтті. Аталған шаралар Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылып, 2026 жылдың таңдаулы шығармасы ретінде танылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» тарихи романы кеңінен насихатталды.

Институттың профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері бұл шығарманы зор ықыласпен қабылдап, оқу мәдениетін арттыруға белсенді атсалысты. Наурыз–сәуір айларында жүргізілген сауалнама нәтижесі де қуантты: 79 оқырман романның толық мәтінімен танысып, ұсынылған сұрақтарға 100 пайыз мазмұнды жауап берді. Бұл – білімді, ізденімпаз, кітапты рухани серік әрі ақылшы ретінде қабылдайтын оқырмандар қатарының артқанын айқын көрсетеді.

Осы игі бастаманың жарқын жалғасы ретінде 22 сәуір күні «Тарих пен тағдырдың жыршысы – Қабдеш Жұмаділов» атты әдеби-сазды талдау кеші ұйымдастырылды. Мәдени шара барысында ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Есқалиев С.А. құттықтау сөз сөйлеп, «Жылдың үздік оқырманы», «Кітапхана меценаты», «Үздік электронды ресурс пайдаланушы-оқырман» номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттады.

Іс-шара аясында институт фойесінде кітап дүкені ұйымдастырған жәрмеңке өтіп, оқырмандар назарына заманауи көркем әдебиеттер мен әлемдік құндылығы жоғары классикалық жанрдағы басылымдар ұсынылды. Сонымен қатар цифрлық дәуір, жасанды интеллект және ІТ саласына арналған танымдық кітаптар да ерекше қызығушылық тудырды.

Кеш соңында белсенді қатысқан студенттер “Меломан”, “Marwin” кітап дүкендерінің сертификаттарымен, естелік сыйлықтармен және ректор атынан берілген Алғыс хаттармен марапатталды.

Шара барысында кітапхана меңгерушісі Абдигазиева Г.Х. мен кеш модераторлары Шакимова Р.М., Ильясова Л.Д., Бекбулатова Э.Д., Оспанова А.С. кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың кәсіби еңбегін жоғары бағалады.

Сонымен қатар «Кітапханаға кітап сыйла» акциясының қорытындысы алдағы уақытта старостат отырысында жарияланып, үздік қатысушыларды марапаттау рәсімі өткізілетін болады.

Аталған іс-шаралар кітаптың құндылығын дәріптеп, оқу мәдениетін дамытуға, жас ұрпақтың рухани-танымдық деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Прокрутить вверх