2026 жылғы 22 сәуірде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері мен қызметкерлері Астана қаласында өтіп жатқан «RES 2026 EXPO» аймақтық экологиялық саммитіне қатысты.
Аталған саммит ғылым, білім беру саласының өкілдерін, халықаралық ұйымдарды және экология мен тұрақты даму бағытындағы сарапшыларды біріктірген маңызды алаң болды. ЕАГИ өкілдерінің қатысуы институттың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы және «жасыл» бастамаларды қолдаудағы белсенді ұстанымын айқындайды.
Саммит аясында қатысушылар экологиялық және «жасыл» технологиялар көрмесімен танысып, пікірталас алаңдарына қатысып, халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасты. Бұл студенттер мен қызметкерлердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, тұрақты даму саласындағы өзекті білімдерін арттыруға мүмкіндік берді.
Бұл іс-шараға қатысу білім мен ғылымның жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі маңызын көрсетіп, болашақ бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал етеді.


