А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ Моңғолиядағы «Study in Kazakhstan» білім көрмесінде

2026 жылғы 13–14 мамыр күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық жоғары білімді дамыту орталығының бастамасымен Қазақстан жоғары оқу орындарының «Study in Kazakhstan» халықаралық білім беру көрмесі өтті.

Көрмеге А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының атынан Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Салтанат Акимовна Мейрамова қатысты.

Шараның ашылу салтанатына екі елдің білім министрліктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Сағидуллақызы Джарасова, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Сейтақынұлы қатысты.

Көрме аясында ЕАГИ-дің білім беру бағдарламалары, институттың халықаралық қызмет бағыттары және академиялық ынтымақтастық мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, іс-шара Моңғолия жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Mongolian University of Science and Technology, Mongolian National University of Education және Orkhon University университеттерімен өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.

ЕАГИ-дің «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысуы қазақстандық жоғары білімді насихаттауға және институттың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге ықпал етті.

Прокрутить вверх