А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Проведен библиографический обзор книжной выставки, посвящённой Дню государственных символов Республики Казахстан

2026 жылғы 8 маусымда институт кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ашық қолжетімді кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Кітап көрмесі «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты – жасай бер мәңгі, Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында ұйымдастырылды.

Көрмеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызын насихаттайтын басылымдар ұсынылып, олардың ұлттық бірегейлік пен мемлекеттілікті нығайтудағы рөлі таныстырылды.

Көрменің ерекше бөлімінде 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымы қойылды.

Библиографиялық шолу барысында қатысушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, мемлекеттік рәміздер мен тәуелсіз Қазақстанның конституциялық негіздері туралы білімдерін толықтырды.

Іс-шара жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

Прокрутить вверх