Куратор Сәкенқызы Арайлым Қ-26-01 және Ф-26-01 топтарының студенттеріне «Конституция өзімнен басталады» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы негізгі жаңашылдықтармен танысты. Атап айтқанда, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Конституцияның негізгі өзгерістері қарастырылды. Олардың қатарында бір палаталы Құрылтайға көшу, Қазақстан Халық Кеңесін құру және цифрлық ортада дербес деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері бар.
Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылықтары болып табылатынына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында студенттер азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талқылап, топтарда өмірлік жағдаяттарды шешуге арналған практикалық тапсырмаларды орындады және блиц-викторинаға қатысты.
Іс-шара соңында әрбір студент «Конституция өзімнен басталады, өйткені мен…» деген сөйлемді аяқтап, азаматтық жауапкершілік пен конституциялық құндылықтарды сақтауға қосатын жеке үлесі туралы өз ойын білдірді.

