1. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт, шәкіртақылық бағдарламалар, халықаралық бағдарламалар, меморандум аясында студенттік алмасу бағдарламасы бойынша білім алу,  жазғы семестрлерде оқу мақсатында жүзеге асырылады.
  2. Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс жөніндегі координатор білім алушыларға академиялық ұтқырлықтың практикалық және оқу аспектілері туралы кеңес береді.
  3. Координатор, декан және кафедра меңгерушілері серіктес ЖОО-ын анықтап, олармен келісімшарт қорытындысы ұйымдастырылады.
  4. Серіктес ЖОО-ның ресми шақыруы негізінде білім алушыларға жеке жұмыс жоспарын құруға және оны институттың кафедрасы мен деканатымен үйлестіруге көмек беріледі.
  5. Ары қарай координатор білім алушылардың өтініш-негіздемелерін жинайды.
  6. Өтініш-негіздемеде бару мақсаты, баратын орын, оқу мерзімі, оқу курсы мен тілі, мамандық, болжалды қаржы көзі көрсетіледі.
  7. Өтініш-негіздемеге кафедраның жазбаша кепілдемесі, серіктес ЖОО-ның оқуға қабылдау туралы жазбаша дәлелдемесі, оқыту туралы жеке оқу жоспары мен транскрипт қоса беріледі.
  8. Серіктес ЖОО-мен жасалған келісімшарт аясында орындалатын, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, институт басшысының Қазақстанда, шетелдегі белгілі мерзімге оқуға бағыттау туралы бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
  9. Іріктеудің негізгі өлшемдеріне мыналар жатады: өзінің оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау, үлгерімі «А», «А­-, «В+», «В», «В-» болуы тиіс, шетел ЖОО-на шығу жағдайында, шетел тілін еркін білу (шамасына қарай шетел тілінен тестті тапсыру туралы сертификаттың болуы).
  10. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу аяқталған соң, білім алушыға транскрипт беріледі. Онда оқытудың бағдарламасы туралы мәлімет, оның оқу жетістіктерінің тарихын көрсететін, (ұлттық және ESTC шкаласында) кредит және әріптік, сандық түрде бағалары көрсетілген пәндер тізімі бар.
  11. Білім алушының транскрипті негізінде ESTC типі бойынша кредиттерді қайта тапсыру қазақстандық жүйенің көшіру коэффициенті бойынша кредиттерді міндетті түрде қайта тапсыру жүзеге асырылады.
  12. Сыртқы академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қажетті құжаттар, бағдарлама мен қабылдайтын елдің талаптарына сәйкес анықталады.

 Серіктес ЖОО-нан білім алушылардың академиялық ұтқырлығы

  1. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін білім алушыларды шақыру туралы сұрақты қарастырудың негіздемесіне серіктес ЖОО-ның сұранысы және алмасу бағдарламасы қатысушысының өтініш-негіздемесі жатады.
  2. Академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алушыларды шақыру туралы шешім, жіберуші ЖОО қамсыздандыратын құжаттар негізінде институт басшысының бұйрығымен бекітіледі. Оқу туралы барлық құжаттар академиялық ұтқырлық бөліміне бағытталады.
  3. Институтта тұрақталған тәртіпке сәйкес, білім алушылардың келулерін, тұратын орындарын қамтамасыз ету бойынша сұрақтарды ЖОО шешеді.
  4. Институттағы оқудың қорытындысы бойынша, тіркеу бөлімі оқу жетістіктерін көрсететін транскрипт береді.

Өтініш беру тәртібі және толтыруға арналған нысандар


ЕАГИ-дегі академиялық ұтқырлық Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші:
Сандыбаева Айгүл Талғатқызы.

Мекенжайы:
Жұмабаева көшесі, 4, бас ғимарат, 403-кабинет.

Тел: 87078204656; 8 (7172) 561933

E-mail: akaleka@mail.ru

Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін өтініш беру тәртібі:

  1. Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөліміне өтініш беру.

  2. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін келесі құжаттарды жинау:

    • білім алушының өтініші;

    • жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі;

    • оқыту туралы келісім;

    • ұсыныс хат;

    • транскрипт;

    • студенттің жеке оқу жоспары;

    • шетелге шығатындар үшін медициналық анықтама (флюорография суретінің көшірмесі) немесе медициналық анықтама;

    • тілдерді меңгеру туралы сертификат (ағылшын тілі — IELTS, TOEFL; түрік, испан, неміс және т.б. — В2 деңгейі және одан жоғары) бар болса (шетелге шығатындар үшін);

    • ата-аналардың жазбаша келісімі.

  3. Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші студенттің жеке оқу жоспарын қабылдаушы ЖОО-ның оқу жоспарына сәйкес деканатпен келіседі.

  4. Жеке оқу жоспары бекітілгеннен кейін өтініш пен келісім үш данада толтырылады:

    • институт үшін;

    • қабылдаушы ЖОО үшін;

    • студент үшін.

  5. Студент қабылдаушы университетке толық құжаттар пакетімен және институт бойынша шығарылған бұйрықпен келеді.

  6. Академиялық ұтқырлық бойынша оқу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдаушы ЖОО студентке транскрипт береді.

Прокрутить вверх