А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

“Қыз баланың және әйелдің денсаулығын сақтау” тақырыбында кездесу

2026 жылғы 3 наурызда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Жастар денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен қыз баланың және әйелдің денсаулығын сақтау тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара барысында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың профилактикасы және тұрақты медициналық тексерудің маңыздылығы туралы айтылды.

Мамандар әйел денсаулығы – отбасы мен қоғамның берік негізі екенін атап өтті. Кездесу студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, пайдалы ақпарат алмасу алаңына айналды.

Прокрутить вверх