А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ түлегі Анара Битебаевамен кездесу: кәсіби даму мен тәжірибе

2026 жылғы 4 наурызда А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты түлегі Битебаева Анара Арғыновнаның «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1–2 курс студенттерімен кездесуі өтті.

Бүгінде Анара Арғыновна «Даму қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры қызметін атқарып, кәсіби өсу, мақсатқа ұмтылу және таңдаған ісіне адалдықтың жарқын үлгісі болып табылады.

Кездесу барысында ол үкіметтік емес ұйымдардың құрылымы мен жұмыс істеу қағидаттары, олардың азаматтық қоғамды дамытудағы және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы кеңінен айтып берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх