А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи дамуы контексіндегі Халық Конституциясы

2026 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Президент орталығында «Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи дамуы контексіндегі Халық Конституциясы» атты ғылыми форум өтті. Іс-шараны Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері ұйымдастырды.
Форумға БАҚ өкілдері, саясаттанушылар, заңгерлер мен тарихшылар қатысты. Баяндамашылар қатарында Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.И. Ибрагимов және Мемлекет тарихы институтының ғалымдары болды.
Семинар барысында жаңа Конституцияның бүкілхалықтық референдумда қабылданып, қоғам тарапынан қолдау тапқаны атап өтілді. Оның негізгі бағыты білім, ғылым, мәдениет және инновацияға негізделіп, ел болашағын адами капиталмен байланыстырады. Сонымен қатар, Конституцияда алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау нормасы бекітілді.
Баяндамаларда қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, парламент рөлін арттыру және үкімет жауапкершілігін күшейту мәселелері қарастырылды.
Форум қорытындысында жаңа Конституция елдің саяси жүйесін жетілдіруге және қоғамның дамуына бағытталған маңызды құжат екені атап өтілді.

Прокрутить вверх