А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

НУ-дағы халықаралық симпозиумға қатысу

2026 жылғы 19 мамырда педагогика және тарих кафедрасының доценттері Н.Д. Ұнарбекова мен А.Т. Аязбаева Назарбаев Университетінде өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумға қатысты.

Симпозиум аясында Алтын Орданың тарихы мен мәдени мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері, оның дала өркениетінің қалыптасуына ықпалы, сондай-ақ тарихи жады мен ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері талқыланды.

Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және ғылыми деңгейде өтіп, қатысушыларға мол әсер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі дамытуға қажетті құнды тәжірибе сыйлады.

Прокрутить вверх