А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция

2026 жылғы 12 мамырда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өтті.
Конференция барысында НО-23-01 және ДО-23-01 топтарының студенттері педагогикалық практика нәтижелері бойынша есеп беріп, тәжірибе барысында алған кәсіби дағдылары мен жетістіктерімен бөлісті. Білім алушылар өткізген сабақтары мен тәрбие жұмыстары туралы баяндап, педагогикалық қызметтің ерекшеліктері жөніндегі тәжірибелерімен алмасты.
Аталған практиканың ерекшелігі – оның 15 апта бойы оқу үдерісімен қатар жүргізілуі болды. Бұл студенттерге теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, болашақ кәсіби қызметке қажетті құзыреттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Конференция соңында практика қорытындылары шығарылып, студенттердің жетістіктері талқыланып, олардың әрі қарайғы кәсіби дамуына қатысты ұсыныстар берілді.
Прокрутить вверх