А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Халықаралық академиялық ұтқырлық

Қырғызстан халықаралық университетімен (Бішкек қ.) академиялық ұтқырлық туралы келісім аясында профессор Е.В. Зенина мен доцент Ш.Р. Гапурбаева 2026 жылғы 22 сәуір мен 6 мамыр аралығында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында (Астана қ.) «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Экономикалық статистика» және «Қаржы нарықтары мен институттары» пәндері бойынша 6 кредит көлемінде онлайн сабақтар өткізді.

«Экономикалық статистика» пәнін оқу барысында студенттерге әлеуметтік-экономикалық үдерістерді статистикалық талдаудың заманауи әдістері, статистикалық деректерді өңдеу мен интерпретациялау ерекшеліктері, сондай-ақ қаржы саласында статистикалық көрсеткіштерді қолданудың практикалық аспектілері таныстырылды.

«Қаржы нарықтары мен институттары» пәні бойынша білім алушылар қаржы нарығының қызметінің өзекті мәселелерін, банктік және банктік емес қаржы институттарының қызметін, қаржы секторының дамуындағы заманауи үрдістерді, сондай-ақ қаржылық қызметтерді цифрландыру ерекшеліктерін қарастырды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, ғылыми-білім беру қызметінің деңгейін арттыруға және мамандар даярлау сапасын жетілдіруге ықпал етеді. Аталған тағылымдамадан өту кәсіби байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу және заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу жолындағы маңызды кезең болды.

Прокрутить вверх