А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, вернакулярлық топонимдер деректер базасын құру (Қазақстан және Ұлыбритания мысалдары негізінде)» ғылыми жобасы жүзеге асырылуда.
Зерттеу аясында Қазақстан мен Ұлыбританияның вернакулярлық топонимдеріне талдау жүргізіліп, олардың лексика-семантикалық, когнитивтік және коммуникативтік ерекшеліктері зерделенуде.
Жоба жұмысының негізгі бағыттарының бірі – зерттеу деректерін өңдеу және жүйелеу барысында жасанды интеллект құралдарын қолдану.
Бүгінде жобаның тұжырымдамалық негізі қалыптастырылып, топонимдерді іріктеу критерийлері әзірленді. Сонымен қатар 80–100 топонимдік бірліктен тұратын пилоттық корпус құру жұмыстары жүргізілуде.
Зерттеу нәтижесінде топонимия, лингвистика және цифрлық технологиялар салаларындағы кейінгі ғылыми зерттеулерге негіз бола алатын заманауи деректер базасын құру көзделіп отыр.
Жоба жетекшісі — Давлетова Салтанат Есенгалиевна.


