2026 жылғы 18 қыркүйекте А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының қызметкерлері ректор Н.Т. Ныгыманованың басшылығымен Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA) ұйымдастырған «Жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбындағы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі IX Еуразиялық форумға қатысты.
Жыл сайын өткізілетін Еуразиялық форум жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық кәсіби диалогтың маңызды алаңдарының бірі болып табылады. Биылғы форумға Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанның жоғары білім беру ұйымдарының өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар мен білім сапасын қамтамасыз ету саласының мамандары қатысты.
Форум барысында жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне интеграциялау, жоғары білімнің цифрлық трансформациясы, академиялық адалдық, сапаны ішкі және сыртқы қамтамасыз етудің заманауи тетіктері, микробіліктіліктерді дамыту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және аккредиттеудің халықаралық тәжірибесі талқыланды.
Халықаралық сарапшылардың тәжірибесі мен ұсыныстары жасанды интеллект қарқынды дамып отырған жағдайда жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін айқындауға және цифрлық технологияларды тиімді қолдануға бағытталды.
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының қызметкерлерінің форумға қатысуы халықаралық тәжірибені зерделеуге, институттың ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге және білім беру үдерісіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге ықпал етеді.



