А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Біздің стартап — Global Student Forum 2026 форумының жүлдегері!

Біздің стартап I Халықаралық студенттік ғылыми-инновациялық Global Student Forum 2026 форумында 622 қатысушының арасынан II орынға ие болды (“Бастауыш білім беру” білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушысы Мехнина Елизавета, ғылыми жетекші — PhD, қауымдастырылған профессор Жартай Жанибек Маратулы).

Бұл — команданың бірлескен еңбегінің, табандылығы мен өз идеясына деген сенімінің нәтижесі. Форумда жобамызды таныстырып, ғылыми және инновациялық бағыттағы өзге бастамалармен танысуға, қатысушылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдық. Қазылар алқасының жоғары бағасы стартапымызды әрі қарай дамытуға жаңа серпін береді.

Команданы осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз! Жобамыз алдағы уақытта да дамып, жаңа белестерді бағындыра берсін!

Прокрутить вверх