А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ашық дәріс өткізілді

2026 жылдың 18 қараша күні заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Тортаева А.Э. 1-курс студенттері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ашық дәрісін өткізді

Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамалары, құқықбұзушылықтың түрлері мен олардың құқықтық салдары, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, жастардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Прокрутить вверх